Шығыста заңсыз балық аулайтындар көбейіп кетті. Табиғат қорғау инспекторлары соңғы 8 айда өзен-көлдерге 200-ден аса рейдтік тексеру ұйымдастырды. Нәтижесінде браконьерлікке қатысты 1 қылмыстық, 100-ден аса әкімшілік іс қозғалған. Заңсыз балық аулап айыппұл арқалағандардан мемлекетке 2,5 миллион теңге өндірілген. Рұқсат етілмеген ау мен қару-жарақ тәркіленді. Мәселен, Көкпекті ауданындағы бір тұрғын ұзындығы 300 метр болатын 2 синтетикалық аумен балық аулап көлігіне салып жатқан кезде ұсталды. 500 келіге жуық балық тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Заңсыз балық аулап айыппұл арқалағандардан мемлекетке 2,5 млн теңге өндірілген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163995/)