Ұлытау өңірі халқының елордаға қатынауы жеңілдеді. «Астана-Жезқазған» бағытындағы жүйрік пойыз жүре бастады.
Тальгоның артықшылығы көп. Жолаушылар діттеген жеріне жылдам жетеді. Билет құны 7000 тг басталады. Ең бастысы -қызмет сапасы артты. Астана-Жезқазған аралығында қатынайтын жүрдек пойыз 27 вагоннан тұрады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған купелер де бар. Оларға билет 90 пайыз жеңілдікпен сатылады. Қазір Жезқазған станциясына 6 қалаға апаратын пойыздар тоқтайды. 4-і өзге аймақтарға қатынайды. Қалған екеуі Астана мен Алматыға апаратын пойыздар.
Меруерт Нұрғалиқызы, жолаушы:
Іші таза, жақсы екен. Қолайлы уақытта жүреді. Тез жетіміз баратын жерге. Барлық қалаға қатынаса өте жақсы болатын еді. Өйткені Жезқазған Қазақстанның орталығында тұр ғой.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана - Жезқазған бағытында жүйрік пойыз жүре бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164016/)