Бүгінде республикадағы оннан астам кітапханаға 3 мыңға жуық тұрақты оқырман жазылған. Бірақ олардың сұранысы толық қанағаттандырылмай отыр. Өйткені көзі көрмейтін азаматтарға арналған кітаптарды шығаратын баспалар саны саусақпен санарлық. Атап айтсақ, қазір тек 3 баспа жұмыс істеп тұр. Олар соңғы екі жылда оқырманға небары 100-ге жуық туынды ұсынған. Саладағы осы және басқа да мәселелерді талқылау мақсатында Алматыда жас кітапханашылардың слеті өтті. Жиында арнайы кітапханаларға қызметкерлерді тарту мәселесі де көтерілді.
Гүлжанат Тастанбекова, слетке қатысушы:
Бізде қазақ тіліндегі материалдар аз. Қазақша материалдарды сұраныстан таппай жатамыз. Дегенмен жылда өткізіліп жататын жас кітапханашылар слетінде немесе республикалық акциялардың нәтижесі бойынша сұраныстағы кітаптарды шама-шарқымыз келгенше басып шығарып жатырмыз. Болашақта бұл кемшіліктердің орны толады деп сенеміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде зағип жандарға арналған қазақ тіліндегі кітап тапшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164055/)