Құтқарушылар теңізден 14 адамды аман-есен алып шыққан. Сирияның көлік министрлігінің дерегінше, мигранттар мінген қайық Ливаннан Еуропаға қарай бағыт алған екен. Оның бортында болған адам саны - шамамен 150-дей.
Айта кетсек, Ливанда өткен ғасырда басталған терең экономикалық дағдарыс тұрғындардың шетел асуына себеп болып отыр. Қиындықтардан әбден қажыған олардың қауіпке толы теңіз жолын таңдаудан басқа амалы жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирияның Тартус порты жағалауында 34 мигранттың денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164123/)