Қазақ әскерлері лаңкестерге қарсы тұрды. Бүгін Жамбыл облысындағы Матыбұлақ әскери полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің сарбаздары қарулы топқа төтеп берді.
Оқу-жаттығу кезінде шекараны бұзып өткен содырларға тосқауыл қойылып, арнайы тәсілдер іске асырылды. Шара он күннен бері өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында жаттығуға 4 мыңнан аса әскери қызметші, 600 техника, 2 мыңнан астам атыс қаруы және 12 ұшақ пен тікұшақ қолданылды.
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Матыбұлақ полигонында әскери оқу-жаттығу аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1642/)