Димаш Құдайберген «Stranger» атты жеке бағдарламасымен Алматыда алғаш рет концерт берді. Оған 30 мыңнан аса көрермен жиналды. Әлемнің 70-ке жуық елінен Димаштың 6 мыңнан аса тыңдаушысы келіпті. Концерттің ақпараттық серіктесі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. Кеш барысында заманауи түрлі-түсті шоу ұйымдастырылып, 31 ән орындалды. Олардың арасында тыңдармандардың сүйіп тыңдайтын хиттері де, жаңа әндер де бар. Концерт 150 минутқа есептелсе де, 4 сағатқа жуық уақытқа жалғасты. Кештің әсерлі сәттерінен үзіктер ұсынамыз.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Димаштың Алматыдағы алғашқы концерті қалай өтті?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164219/)