Президенттікке үміткер кандидат ретінде тіркелу үшін кем дегенде 118 мың 273 адамның қолын жинау керек. Бұл дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың 1 пайызы. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. 2022 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша елімізде 11 млн 827 мың 277 сайлаушы бар. Үміткерлер 11 қазан кешкі сағат 18:00-ге дейін өзін ұсына алады. Бұдан соң кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат секілді шаралар басталады. Сайлау заңнамасы негізінде қол қою парағын беру мерзімі қысқартылды.
Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Қол қою парақтары Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін күнтізбелік 2 күн ішінде беріледі. Аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі күнтізбелік 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент сайлауы: Әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164252/)