Душанбе мен Бішкек шекарадағы әскери қақтығысты тоқтатуға келісті. Тиісті хаттамаға Тәжікстан қорғаныс министрі Саймумин Ятимов пен оның қырғызстандық әріптесі Қамшыбек Ташиев «Қызыл бел» бақылау-өткізу пунктінде қол қойды. Олар «Келіссөз жүргізіп, енді арамызда жанжал болмауы керек деген ұйғарымға келдік»,- дейді. Екі мемлекет әскері осы айдың ортасында қақтығысып, ондаған адам қаза тапқан. Тәжікстан-Қырғызстан шекарасының ұзындығы - 980 шақырымға жуық. Оның жартысы әлі күнге дейін келісіліп, белгіленбеген.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәжік-Қырғыз шекарасындағы атысты тоқтату туралы құжатқа қол қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164257/)