Мемлекет басшысы Ижевск қаласындағы мектепте болған қайғылы жағдайға байланысты Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде нөмірі 88-ші мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым деп айтқан. «Сондай-ақ қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Ижевсктегі оқиғаға байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164295/)