Маңғыстау облысында Жетібай ауылы маңына мұнай қалдықтарын заңсыз төккен компания анықталды. Серіктестік шамамен 1 гектар аумақта 100 тонна мұнай қалдығын сақтап, қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген. Жоспардан тыс тексеру кезінде экологиялық кодекстің 4 бабы бұзылғаны белгілі болды. Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 60 млн теңге айыппұл салынды. Еске салайық, біз бұл мәселені бұдан 4 ай бұрын көтердік. Сол кезде Жетібай ауылының тұрғындары мұнай қалдықтарының жиі өртелетінін, одан тарайтын улы газдарға тұншығып отырғандарын айтып шағымданды.
Гүлім Лұқпанова, Облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
Аталған аумақты толықтай заласыздандырып, қалпына келтіріуге міндетті. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біздің міндет аталған ЖШС-тің қоршаған ортаға залалын анықтап, айыппұл салу. Жерді қайтадан мемлекетке қайтару және оны шешу мәселесін қарастыратын жергілікті орган.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда мұнай қалдықтарын заңсыз төккен компанияға 60 млн теңге айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164314/)