Шымкент қаласында жылу беру мекемесі қызмет ақысын жоғарылатып, тұрғындардан 520 миллион теңге ақшаны артық жиып алған. Мұны табиғи монополияларды реттеу комитеті анықтады. Енді коммуналдық мекеме осы әрекеті үшін жылу тарифін 8 пайызға арзандатуға мәжбүр болды. Арзандатылған жылу ақысы келер жылдың 1 қаңтарынан бастап, жыл соңына дейін күшінде болады.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте жылу беру мекемесі тұрғындардан 520 млн теңге артық ақша алған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164315/)