Украина тұрғындары Ресейге қосылу туралы референдум өткен аудандардан қашып жатыр. Мұны бүгін «Reuters» агенттігі хабарлады. Ал Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облыстарының Мәскеу тағайындаған әкімшілігінің дерегінше, жергілікті халықтың 87-ден 99 пайызға жуығы көрші ел құрамына кіруге дауыс берген. Президент Владимир Зеленский болса бұл референдумдарды «нәтижесі алдын ала белгілі болған әзілге» теңеді.
Ресей Мемлекеттік думасы - Украинаның басып алынған аймақтарын құттықтап, референдумдарды «сәтті» өтті деп жариялап, олардың нәтижесіне қатысты пленарлық отырыс қазанның 3-4-і күндері өтетінін хабарлады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украина тұрғындары референдум өткен аудандардан қашып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164409/)