Тұмауға қарсы шаралар күшейтілді. Жыл сайын еліміздегі эпидахуал қараша айынан сәуірдің ортасына дейін созылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты. Былтыр ғана ел бойынша 4 миллионға жуық адам жедел-респираторлық ауруларға шалдыққан. Сырқаттанушылардың 80 пайызы балалар мен жасөспірімдер болса, 900 науқас тұмау жұқтырған. Биыл жұқпалы аурудың үш штаммы өзекті болады. Онымен күресудің бірден-бір жолы вакцина алу.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Вакцина қауіпсіз әрі тиімді. Оны 60 жылдан астам уақыт қолданып келеді. Ресейде өндірілген «Гриппол +» вакцинасының 2,3 миллион дозасы сатып алынды. Құрамында алдағы маусымдағы тұмауға қарсы штаммдары бар. Бұл халықтың 12 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кемінде 10 пайызды ұсынады.
Ламбриан Топузидис
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейден тұмауға қарсы 2,3 миллион екпе дозасы сатып алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164439/)