Ақтөбе облысының тұрғынынан 949 киік мүйізі тәркіленді. Полицейлер Самара-Шымкент тас жолы бойында «Ваз» маркалы автокөлікті тоқтатқан. 41 жастағы ер адам тізгіндеген көлікте 61 жастағы тағы бір тұрғын болған. Құқық қорғаушылар жүксалғыштан 765 дана ақбөкеннің мүйізі салынған 7 қорапты тапты. Жолаушы бұл қораптардың өзіне тиесілі екенін және сатқысы келгенін айтқан. Оның мекен- жайын тінту барысында тағы 184 мүйіз тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысының тұрғынынан 949 киік мүйізі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164462/)