Жеке бағдарлама - жетім балаларды баспанамен қамту үшін де керек. Сенатор Амангелді Толамисов Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Депутат елімізде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға құқығы бар екенін атап өтті. Қазір осы санатта 70 мыңға жуық азамат тіркелген. Өткен жылы 1 211 адам үй алса, биыл бірінші жартыжылдықта тұрғын үймен қамтылғандардың саны - 300-ге де жетпейді. Осыған орай сенатор кезекте тұру тәртібін өзгерту керек деп есептейді.
Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Балаларды тәрбиеленіп жатқан мекемелердің орналасқан мекенжайы бойынша емес, туған жерлеріне қатысты тұрақты тұрғылықты тіркеуге қойып, сол өңірлерде баспана кезегіне енгізу керек. «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жетім балалар санатында кезекте тұрған жастарға жеңілдетілген тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларын және сатып алу мүмкіндігінсіз мемлекеттік жалға берілетін пәтерлерге қатысты бағдарламаларын қарастырса.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетім балаларды баспанамен қамту үшін жеке бағдарлама керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164477/)