АҚШ-тың Флорида штатына - «Иэн» дауылы соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, сағатына 241 шақырым жылдамдықпен жеткен желдің екпінінен, электр жүйесі істен шығып, 2 миллиондай үй жарықсыз қалды.
Дауылдан үйлердің шатыры жұлынып, көліктер аударылып, ағаштар құлаған.
«Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, дауыл алдында 2 жарым миллион тұрғынға қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді. Бұған дейін «Иэн» Кубаны түгелдей жарықсыз қалдырып, 2 адам қайтыс болған еді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Флорида штатында 2 млн үй жарықсыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164485/)