Елімізде зейнетақы аннуитеті бойынша құрметті демалысқа шығу жеңілдей түсті. Өйткені бұдан былай ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар зейнетақы жинағын біріктіре алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мәрия Хаджиеваның айтуынша, қазір ресми зейнетке шығу жасын күтпей-ақ, аннуитет бойынша ерлер 55 әйелдер 52 жасында зейнеткер атана алады. Бірақ ол үшін шотта жеткілікті қаржы болуы керек. Енді жаңа норма бойынша ерлі-зайыптылар мен туған-туыстар жетпей тұрған қаржысын артылып жатса бір-бірінің шотынан алып, аннуитет бойынша құрметті демалысқа ертерек шыға береді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164498/)