Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды. Жантүршігерлік оқиға Шымкент-Самара трассасында болған.
Тағы төрт жолаушы түрлі дене жарақатын алып, аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілген. Қатты жылдамдықпен келіп, бетпе-бет соқтығысқан жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Ал автобустың кабинасы жапырылған. Қылмыстық іс қозғалды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қармақшы ауданында көлік апатынан 5 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164640/)