Президенттікке тағы бір кандидат. «Amanat» Қазақстан кәсіподақтары достастығы атынан «Астана» халықаралық ғылыми-зерттеу кешенінің Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкен ұсынылды. Үміткер бұған дейін қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры қызметін атқарған. 2015-2018 жылдары Қазақстан кәсіподақтар федерациясы жанжалды зерттеу және шешу жөніндегі оқу орталығының директоры болды. 61 жастағы Мейрам Қажыкен ертең Орталық сайлау комиссиясына барып, үміткер ретінде тіркелетінін мәлімдеді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Amanat» Қазақстан кәсіподақтар достастығы Мейрам Қажыкенді ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164680/)