«Tansholpan» бағдарламасы «Ізгі істер» марафонын бастады. Игілікті шара таңғы жобаның 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Марафон аясында бүгін «Таңшолпанның» ұжымы қан тапсырып, донор болды. Бұл орталыққа күніне 100-ге жуық адам келеді. Айына 3000 адам қан тапсырады. Теріс қан топтары күнделікті жетіспейді, сондықтан өз еркімен келген еріктілер қашан да маңызды, дейді дәрігерлер.
Меруерт Жәдігер, трансфузиолог дәрігер:
Донор келген кезде біз қан тобын анықтаймыз, резус факторын, гемоглобин мөлшерін анықтаймыз. Және де тромбоцит әдісімен тапсыратын донорлардан, тромбоцит мөлшерін қараймыз міндетті түрде. Сондай-ақ АЙТВ инфекциясына, гепатиттің Б,С түрлеріне және меризге тексеріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Tansholpan» бағдарламасының ұжымы донор болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164713/)