![Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне – 50 жыл](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77747.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мерейтой аясында Қазақстанның Халық әртісі, академик Ахмет Жұбанов атындағы фортепиано мен халық аспаптар аталымдары бойынша халықаралық байқау ұйымдастырылды.
Мектепті 1964 жылы академик А.Жұбанов ашты. Сол тұста елдің түкпір-түкпірінен дарынды балалар жиналды.
Мемлекеттік тілде балаларға кәсіби музыкалық білім беріп, жарты ғасырда жас талантты хас талантқа айналдырды.
Бастапқыда 250 балаға арналған мектеп-интернатта қазір 460 бала оқиды. 300-ге тарта педагог жұмыс істейді.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне – 50 жыл&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16472/)