Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының отырысы қарсаңында қара алтын қайта қымбаттап жатыр. BRENT сұрыпты мұнай 90 долларға, АҚШ-тың WTI шикізаты 84 долларға саудалануда. ОПЕК+ ұйымы пандемия басталған уақыттан бері мұнай өндіруді барынша қысқартуды көздейді. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ұйым шикізат өндірісін тәулігіне 1 млн баррельге дейін азайтпақ. Әлем нарығында мұнай азаюы мүмкін деген болжам бағаның өсуіне ықпал етті.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде қара алтын қайта қымбаттап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164729/)