Жамбыл облысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің барлаушыларының да оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Әскерилер полигондардағы қарулы қақтығысты оқшаулау, ұжымдық әрекет ету, үздіксіз барлау жүргізу сияқты тапсырмаларды орындады. «Іздеу-2022» бірлескен жаттығуы басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, далалық іс-тәжірибе деңгейін көтеріп, барлау бөлімшелерінің жылдам үйлесімділігін арттыру үшін ұйымдастырылған.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда барлаушылар жаттығуы өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164756/)