Биыл тұңғыш рет «Ұмай» ұлттық өнер сыйлығы беріледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді. Премия төрт бағыт бойынша ұйымдастырылып отыр. Ол: театр өнері, музыкалық орындаушылық, хореография және бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнер. Сонымен қатар әрқайсысының өз номинациялары бар. Байқауға өтінім беру 9 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал, жеңімпаздар 23 желтоқсан күні марапатталады
Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде осы 2022 жыл – «Балалар жылы» екені өздеріңізге аян. Сондықтан да сыйлықтың аясында «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлдесі де тағайындалып отыр.
Дархан Рақымжан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Umai» сыйлығына өтінім қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164787/)