Бүгін Ұлттық волонтерлер желісі Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Олар Мемлекет басшысының еріктілер қозғалысына барынша қолдау көрсетіп, оның дамуына қосқан үлесі зор екенін айтады.
Әнуар Жұмабеков, волонтер:
Мемлекет басшысы үздіксіз түрде қазақстандық волонтерлерді қолдайды. Атап өтсек, 2020 жылды волонтерлер жылы деп жариялауы. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дүниежүзілік тарихта ешқашан болмаған әлем волонтерін бірауыздан халықаралық деңгейде жұмылдыру туралы бастама көтерді.
Сондай-ақ, Ардагерлер ұйымы да Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Олар үміткердің халықаралық қауымдастық мойындаған жоғары біліктілігі, білімі мен толайым тәжірибесі елімізді жаңа белестерге жетелейтінін айтады
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қоғамдық бірлестіктер Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164797/)