Ұлттық арна араласқан соң шешімін тапқан мәселе бір бұл ғана емес. Кеше біздің тілшілеріміз Алматыда алма ағаштары рұқсатсыз кесіліп, жер оңды-солды қазылып жатқаны туралы материал жасаған болатын. Бүгін топырақ қазушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, олар Қылмыстық кодекстің 188-ші бабы, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру фактісі бойынша жауапқа тартылады. Еске салайын, мегаполис экологтары Кеңсайдағы жердің қайта-қайта қазылуына, қара топырақ тасушылардың әрекетіне наразылық білдірген. Бұл табиғат апатына әкелуі мүмкін деген еді.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
Сот экологиялық сараптама тағайындады. Нәтижесінде келтірілген шығын көлемі анықталып, осы іске қатысушы тұлғалардың барлығына іс-әрекеттеріне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Заңсыз әрекет: Топырақ қазушыларға қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164824/)