Биыл мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түскен. Finprom агенттігінің мәліметінше, шілдеге дейін ел қазынасына 11 трлн 400 млрд теңге түсті. Былтырмен салыстырғанда биыл бюджетке келген кіріс 3 трлн теңгеге көп. Салықтан түскен ақша 8 трлн теңгеден асады. Оның ішінде табыс салығынан 3 трлн теңге, тауарлар мен қызметтердің ішкі салығынан 2,9 трлн теңге, халықаралық сауда арқылы 1 трлн 200 млрд теңге пайда келді. Әлеуметтік салық 500 млрд теңгеден асқан.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164887/)