![«Қорқыттың көрі» пьесасының премьерасы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77755.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі жазушы, драматург Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесасы көрерменге жол тартты. Қоюшы режиссері – Еуропаға танымал литвалық Йонас Вайткус.
«Қорқыттың көрі» – Қорқыт бабамыздың запырандай ащы аңыз-өміріне арнап қойылған сахналық тұжырымы. Қойылым алма-кезек дүниедегі діндер астасуындағы киелі рухани ұғымның жаназа-реквиемі.
Ықылым замандағы бабалар тарихынан сыр шертетін туындының авторы бұл пьесаны ширек ғасыр бұрын жазған, бүгін театр сахнасынан қойылып жатқанына дән риза.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қорқыттың көрі» пьесасының премьерасы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16489/)