Елімізде қылмыс саны жыл басынан 1,8%-ке көбейген. Бұл туралы бас прокуратурада өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жайы талқыланған жиында айтылды. Әсіресе, ұрлық пен алаяқтық деректері артқан. Есесіне, тонау, қарақшылық және бұзақылық біршама азайған. Отбасылық-тұрмыстық қылмыстар да кеміген. Сондай-ақ, интернет-алаяқтық 5%-ке қысқарған. Десе де, қылмысқа қарсы күресті күшейтпей болмайды. Себебі, қылмыскерлер түрлі тың тәсілдер ойлап табады. Отырыста қылмысты азайту бойынша шаралар қабылдау жұмысы да пысықталды.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде ұрлық пен алаяқтық қылмыстары көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164923/)