Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Санкт-Петербургте өткен жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары да қатысты. Бас қосуда құрылым қызметінің басым бағыттары және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды. Әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164933/)