Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды. Партия қоғамдық бірлестіктердің үміткер ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмесі берілген. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық дерегі қоса берілген өтініш тапсырылған. Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат та өткізілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент сайлауы: Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164934/)