Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрған 25 адам сотталды. Олар екі мыңнан астам адамды алдап соғып, 3 млрд теңге шығын келтірген. «Evolution Corporation» және «Индиго 24» қаржы пирамидаларын құрғандарға қатысты іс - бір жылдан артық қаралды. Сот ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі мен екі құрылтайшысын 12 жылға, топ басшысының сенімді серігі болған 5 адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Қалған 17-сі 8 жылға қамалды.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаржы пирамидасын құрған 25 адам сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164937/)