Алматылықтар Іле Алатауы тауларынан 35 тонна қоқыс жинап, Медеу ауданында 250 түп алма ағашын отырғызды. «Қоқыссыз таза табиғат» атауымен ұйымдастырылған экологиялық сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты. Табиғатты аялауды үндейтін бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылды. Қатысушыларға қажетті заттар беріліп, аспен қамтылды. Сондай-ақ, экологияға бей-жай қарамай, сенбілікке қатысқан азаматтарға қаладан трансферттер ұйымдастырылды.
Шара барысында Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарындағы ең танымал туристік орындар тазаланды.
Азиз Қажденбек, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры:
Мұндай жақсы бастамалардың біріншіден жалғасы болуы керек. Екіншіден, міндетті түрде бір акция емес, мерзімді, ұзақ уақытта болатын акция болуы керек. Үшіншіден бәріміз бірігіп елімізге қамқор болу керекпіз.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жалпыұлттық сенбілік ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164959/)