АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында мигранттар ағынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Сәуір айынан бері қалаға 17 мыңдай шетелдік келген. Олар - Латын Америкасынан барған мигранттар. Бұл жағдай үйсіздерге пана беру жүйесіне салмақ түсіріп отыр. Мигранттар ағынын реттеу үшін 1 млрд доллар бөлінбек. «Жанашырлығымыз шексіз болғанымен, ресурсымыз жоқ» деп мәлімдеген Нью-Йорк мэрі Эрик Адам мәселені реттеуге үкіметтен көмек сұрады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нью-Йоркте мигранттар ағынына байланысты төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/164963/)