Алматы облысында алғашқы қар жауды. «Кеген-Нарынқол» республикалық маңызы бар күре жолдың аумағында қар жауып қалды. «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдап, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Қарды тазалауға 3 техника жұмылдырылды. Көлік қозғалысына шектеу енгізілген жоқ.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында алғашқы қар жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165015/)