Алматыда баспанасыз қалып, қиын жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсету үшін құрылған жедел штабқа 2 айда 200-ге жуық қоңырау түсті. Хабарласқандардың арасында студенттер мен ата-аналар, қонақ үйлер мен хостелдердің иелері, қарапайым қала тұрғындары да бар.
137 студент баспанаға мұқтаж екенін айтқан. Оның 58-і бірінші курс студенті. Оларға басқа оқу орындарының жатақханаларынан, қонақүйлер мен хостелдерден орындар ұсынылды. Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 190 мыңнан астам студент білім алады. Қазір оларға құны 12-15 мың теңге аралығындағы бөлмелер ұсынылып отыр. Сондай-ақ, университеттер мен колледждер хостелдармен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда баспанасыз қалған студенттерге арналған «Жедел штабқа» 2 айда 200-ге жуық қоңырау түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165069/)