Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасап, мүмкіндігінше бұл елдің аумағынан кетуге шақырды. Себебі азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуыл күшейген. Сондай-ақ, Қазақстан Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тарта тұруға кеңес берді. Ал, Украинада жүргендерді әуе шабуылы дабылына мұқият мән беруге, өз баспанасында және бомба-панада қалуға шақыруды.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165076/)