Семейде «Сергек» жүйесі іске қосылғалы он күннің ішінде жол ережесін бұзғандарға 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Заңға бағынбағандардың дені, жылдамдықты шамадан тыс асырғандар. Жолда жүйткігенді жақсы көретін 2 548 көлік жүргізуші айыппұл арқалаған. Тұтас сызықты кесіп өткен 120 көлік иесіне 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Семейде қазан айынан бастап жол жүру ережесі мен қоғамдық тәртіпті бақылауға арналған 1551 камера жұмыс істеп тұр.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде «Сергек» жүйесі іске қосылғалы жол ережесін бұзғандарға 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165094/)