Қызылордада жергілікті ғалымдар егін шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ. Биыл олар қуаңшылық жағдайында дәнді дақылдар егудің тиімді әдісін тәжірибеден өткізіп көрді.
Жоба аясында Абай ауылдық округінен 2 гектар жерге күріш, арпа, бидай, қант құмайы, жоңышқа егілген. Жүргізілген тәжірибе-- күзде оң нәтижесін беріп отыр. Мәселен, мамандар тұқым себудің жаңа әдісін пайдаланып, оны 10 есе үнемдеген. Сондай-ақ, атызды суаруды жартылай автоматтандырып, аз суды күріштікке жеткізген. Ал жоңышқаны-- қант құмайымен бүркемелеп, егу арқылы мүлдем суармай өнім алуға болатынына көз жеткізді. Ғалымдар осы жаңашылдықтарды-- енді өңірдегі шаруашылықтармен бөлісіп, өндіріске кеңінен енгізуді көздейді.
Серікбай Өмірзақов, техника ғылымдарының докторы:
Су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісіне тәуекелдер көп болып тұр. Сондықтан, осындай ғылыми жетістіктерді өндіріске, шаруаларға тезірек ендіру осы саланың бәсекеге қабілеттілігін көтеріп, қосымша өнімдер өндіруге мүмкіншілік жасайды.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жергілікті ғалымдар егін шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165113/)