Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-шы саммитіне 11 елдің Президенті келеді. Сарапшылар бұл шараны пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте аса ауқымды сыртқы саяси оқиғалардың бірі деп бағалап отыр. Азия кеңесі 12-13 қазан күндері өтеді. Оған әлемнің бірқатар елінен 50-ге жуық делегация қатысады. Шараның маңыздылығы өте жоғары. Кеңеске - 27 ел мүше. Яғни, Азия құрлығының 90 пайызын қамтитын үлкен алаң. Саммит барысында бірқатар шешім қабылданады деп жоспарланып отыр.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Азия кеңесінің отырысы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165121/)