Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев құжаттың заң аясында қарастырылып жатқанын айтады. Бастысы – бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолжетімді пайыздық мөлшерлеме ескеріледі. Ипотекалық бағдарлама таяуда пайда болады. Еске салайық, 2018 жылы іске қосылған 7-20-25 бағдарламасы арқылы 27 мыңнан аса отбасы баспаналы болған. Бастапқы жарнасы 25 пайыздан аспады. Ипотекалық несиені өтеуге 25 жылға дейін уақыт берілген еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165135/)