Таразда қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған 5 адамға сот үкімі шықты. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 6 қаңтарға қараған түні олардың түрлі қылмыс әрекеттерін жасап 200 миллион теңгеден аса шығын келтіргені анықталған.
Нақтырақ айтқанда, тәртіпсіздік кезінде зорлық-зомбылық, өрт қою, мүліктерді қиратып, полиция бөлімінен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қолды қылған. Сотталған 5 азамат та өз кінәларын толық мойындап, жасаған қылмыстары үшін өкінетіндерін айтқан. Сондай-ақ, олардың бұрын сотты болмағаны да ескерілді дейді Жамбыл облыстық соты. Бес азаматтың үшеуі 3,5 жылға, тағы екеуі үш және екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрдос Сембекұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған 5 адамға сот үкімі шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165148/)