Шығыс Қазақстанда өрттің шығыны 1 миллиард теңгеден асты. Бұл өрт 2-7 қыркүйек аралығында 5 ауданында болған. Бүгінге дейін арнайы комиссия жұмыс істеп, шығын көлемін есептеген. Олар өрттің шығуына тұрмыстық қоқыстарды жағу себеп болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райы: қатты екпінді жел мен құрғақ ыстық ауа-райынан қызыл жалын тез тараған. Орман өртінің жалпы ауданы 11 мың гектардан асады. Тілсіз жаумен күресуге 31 млн теңге жұмсалған.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда болған өрттің шығыны 1 млрд теңгеден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165151/)