Мәжіліске рақымшылық туралы заң жобасы енгізілді. Енді депутаттар қаңтар оқиғасына қатысқандардың қайсысына жеңілдік жасалатыны жөнінде «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы аясында жан-жақты талқылайды. Мемлекет басшысы биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау жөніндегі тапсырма берген еді. Сол міндеттің аясында азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмегендерге рақымшылық жасалуы мүмкін.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліске рақымшылық туралы заң жобасы енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165159/)