Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді. Бұл - Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуі аясындағы басты оқиғалардың бірі болмақ. Маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет офлайн режимде ТМД құрамындағы бүкіл мемлекеттердің басшылары келеді. Сондай-ақ, атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысады деп күтілуде. Басқосуда достастық алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттар қаралады. Оның ішінде 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықтың кезекті бағдарламасын бекітеді. Сондай-ақ, Қазақстанның бастамасымен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдеме қабылдау мен бірқатар халықаралық шарттарға қол қойылады.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165279/)