Талдықорғанда ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Жетісу облысының орталығын тазалауға 2 мың адам жұмылдырылды. Шаһардың көшелерін, саябақтары мен ықшам аудандарынан күл-қоқысты жинауға мемлекеттік қызметшілер, оқу орындарының мұғалімдері мен студенттері, ұжымдар мен жеке кәсіпкерлер ат салысты. Сенбілікке шыққандардың барлығы құрал-сайманмен қамтамасыз етіліп, қаланың тазалығына жауапты мекемелерден 50 техника қызмет көрсетті. Жалпы шаһардан 420 тонна қоқыс жиналып, арнайы палигонға төгілді. Алдағы күндері қала саябақтарына 3 мың көшет отырғызу жоспарланған.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талдықорғанда 2 мың адам сенбілікке шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165363/)