Украинадағы ахуалға байланысты Еуропа елдері тұрғындарға тегін йод таблеткаларын тарата бастады. «Радиациялық төтенше жағдай бола қалған жағдайда қажет» - деген үкіметтің мәлімдемесінен кейін, финляндиялықтар дәріханадан йодты талап әкеткен. Польша билігі елдің барлық аймақтарында йодты тегін тарататын бөлімшелердің санын көбейтті. Дені - әкімдіктер, мектептер мен өрт сөндіру станцияларында орналасқан. Дәрігерлер йодты 3 жастан асқан балалар мен 60 жасқа дейінгі ересектерге ішуге кеңес береді.
Блажей Побожи, Польша әкімшілігі мен ішкі істер министрінің орынбасары:
Атом электростанциясында апат бола қалған жағдайда дайын болуымыз керек. Йод таблеткалары қалқанша безді радиоактивті сәулеленуден сақтайды. Дәл қазір радиоактивті зақым қаупі жоқ. Дегенмен, біз бәріне дайын болуымыз қажет.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропа елдері тұрғындарға тегін йод таблеткаларын тарата бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165393/)