Ақмола облысында 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл 10 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. 4 мың жұмыс орны ұлттық жобаларды іске асыру аясында ашылған. Олар ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс салаларында жұмыс істеп жүр. «Еңбек» жобасы бойынша 83 ақмолалық өз ісін ашқан. Сондай-ақ, нарықта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру үшін арнайы қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған. Биыл 500 адам осы мүмкіндікті пайдаланбақ. Сондай-ақ, оқуды бітірген түлектерге де қолдау көрсетілді. «Жастар тәжірибесі» бойынша 530-дан астам адам жұмысқа орналасты. «Алғашқы жұмыс орны» жобасының игілігін көргендер де көп. Жыл соңына дейін тағы 2 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165451/)