Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Шу ауданынынң тұрғындары болып шықты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бір сәтте 5 күдіктіні құрықтаған. Тінту барысында 100 келіден асатын есірткінің ірі партиясын анықтаған. Сондай-ақ АК-СУ автоматы мен 30-дан аса түрлі оқ тәркіледі. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Нұржан Рахметуллаев, Облыстық ПД бастығының орынбасары:
Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен және ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрдос Болатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165457/)