40 жылдық тарихы бар өнер байқауы қайта жанданбақ. Алматыда дәстүрлі әншілердің республикалық додасы өтеді. Пандемиядан кейін жалғасын тапқан конкурстың мақсаты - жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, дәстүрлі әншілер қатарын көбейту. Бүгінде сайысқа 50-ден аса өтінім түсіп, 47-сі іріктеуден өткен. Әміре Қашаубаев атындағы сайыс - өнерпаздардың бағы мен бабын сынайтын ең жоғары деңгейдегі байқау. Оның қорытындысы қазанның 19-ы жарияланады. Ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын шарада үздік он сахна саңлағы анықталмақ.
Ақан Абдуалиев, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры:
Басқа конкурстардан ерекшелігі - бұл жерде барлық мектеп, дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері, әншілері қатыса алады. Бізде әннен, жырдан, күйден биыл жылдың аяғына дейін 7-8 осындай байқау бар. Сондықтан, үлкен көңіл бөлініп жатыр деп айтуға болады.
Рүстем Айткерім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда дәстүрлі әншілердің республикалық додасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165459/)